Қазақстанда 2,5 мыңдай судья бар. Олардың табысы қандай?

Oinet.kz 03-11-2020 645

Мемлекетте барлығы 2684 судьяға арналған штат бар. Онда 2,4 мың судья қызмет етеді. 14%-ы әзірге вакансия ретінде бос. Орташа есеппен алғанда аудандық судьялар 400-500 мың, облыстық деңгейде 600-700 мың, ал жоғарғы сот судьялары 800 мың теңге төңірегінде жалақы алады. Бұл тікелей судьяның еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты. 

010956da67b6403ca0ae5550b27cabed_crop_l_3_t_0_w_864_h_486.jpg

Сондай-ақ, Алматы қаласының соты судьялардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша Үкіметке ұсынысын білдірген. 

2015 ж. 43, 2016 ж. 38,  2017 ж. 68 адамға, 2019 ж.ал былтыр 72, биыл алғашқы алты айда 30 судьяға  тәртіптік шара қолданылған. Сот төрелігін асыруда қателіктерге жол бергені және қоғамдық-этикалық нормаларды бұзғаны үшін 2018 ж. 28 судьяға (жартысы сотталған)  қылмыстық іс қозғалған не жұмыстан босатылған. Елде оқтын-оқтын сот жүйесінің қызметіне көңілі толмайтын және соттың әділетсіз үкіміне ұшырадық деген наразы азаматтар қарсылық шараларын ұйымдастырып тұрады. 

Айта кетейік, бүгін астанада президент Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан судьяларының VIII съезі өтті. 

“The Qazaq Times”

АҚШ-тағы сайлау қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды
Манкент ауылының тұрғыны С.Болусов Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу