Денсаулық сақтау министрлігі карантин туралы маңызды мәлімдеме жасады

Oinet.kz 04-11-2020 1040

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында Қазақстанда карантин енгізілу мәселесіне қатысты айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Есмағамбетованың айтуынша елдегі жағдай соңғы аптада әлдеқайда нашарлаған. Бірақ коронавирустың өршуі әр аймақта әртүрлі байқалуда. Сол себепті, Қазақстан толығымен карантинге жабылмайды.

- Бүгінде карантиндік шараларды аймақ бойынша күйшейту мәселелері жүргізіліп жатыр. Соңғы аптада елімізде коронавирустық инфекцияның таралуы 6 есеге өсті. Бірақ әр аймақта жағдай әр түрлі. Сондықтан, карантин шаралары тек аймақтар бойынша жасалып жатыр, - дейді Есмағамбетова. 

Сонымен қатар, Есмағамбетова еліміздің көптеген облыстары жасыл аймақта екенін айтты.

Министр кредит алушыларға жағымды жаңалық жеткізді
Елде коронавирус жұқтырғандар саны арта түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу