Министр кредит алушыларға жағымды жаңалық жеткізді

Oinet.kz 04-11-2020 3750

Қазақстанда микроқаржы ұйымдары банктерге теңестіріледі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жаңа заң жобасының нормасын түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы Дәленов мәжілістің жалпы отырысында айтты. 

Қазақстандықтар банкке 7 трлн қарыз: ел экономикасына қандай қауіп төніп  тұр? | SN.kz - жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

- Менің ойымша, осы норманың арқасында несие алатындардың жағдайы жақсарады. Мысалы, банктік емес секторға кіретін ұйымдар халыққа кредит береді, бірақ мөлшерлемелері жоғары, айыппұлдары мен комиссиялары да көп, - деді ол. 

Министрдің сөзінше, қазіргі кезде қарызға ақша алатындардың арасында қаржылық тұрғыда сауатсыз адамдар да кездеседі. Ал микроқаржы ұйымдары осыны пайдалануы ықтимал. Ондайда азаматтар құқығы бұзылады. Соның нәтижесінде қаржылық тәуекелдер туындап жатады.   

- Енді, микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр. Олар реттеледі. Кредиттің шекті мөлшерлемесі бойынша талап қойылады деген сөз. Жетекшілеріне және акционерлерге ұйымды жабдықтау жағынан міндеттер белгіленеді. Ал уәкілетті орган, яғни, қаржы нарығын реттеу агенттігі лицензияланатын қызметтерді тексеретін болады. Бұның барлығы кредит алатындардың құқығын қорғайды және қаржылай тәуекелдерді азайтады, - деді Дәленов.  

Қымбат Досжанның хабары жұртты шошытты
Денсаулық сақтау министрлігі карантин туралы маңызды мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу