Нұр-Сұлтанда ер адам қызды зорламақ болған
Нұр-Сұлтанда қызды зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 30 қазанда кешке қарай Нұр-Сұлтанда болған. Байқоңыр ауданының аумағында күзетшілердің қасында бір әйел келіп, белгісіз ер адамның 1995 жылы туған қызын зорламақ болғанын айтты. Қыз қорыққанынан айқайлаған. Ал ер адам үлердің ішімен қаша жөнелген.
- Күдіктінің болжамды белгілерін алған Ұлттық ұлан әскери қызметшілері келген полиция қызметкерімен бірге іздеуге кірісті және 20 минут ішінде сипаттамаға сәйкес келген азамат Б.-ны ұстады. Ол Ақмола облысының 1972 жылы туған тумасы болып шықты, - деп хабарлады Ұлттық ұлан.
Жәбірленуші күдіктіні таныды. Оны қосымша тергеу үшін Байқоңыр ауданының полициясына жеткізді.