Сапарбаев «Қазатомөнеркәсіпті» тексермекші

Oinet.kz 18-04-2019 765

n6QSgZlP.jpg

Бердібек Сапарбаев жетекшілік ететін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясын тексермекші. Бұған әлеуметтік желілерде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның  бірнеше қызметкерінің жалақыларын қысқартуға және разрядын төмендетуге қатысты наразылық білдірген видео-хабарламасы себеп болған..

Аталған министрліктің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдардың адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру бойынша нақты фактілер туралы және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша нақты фактілер туралы өтініштері жоспардан тыс тексеруге негіз болады. Аталған фактілерді жоймау азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-да жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хат жолдады.

Тексеру нәтижелері қосымша хабарланады.

 WhatsApp Image 2019-04-15 at 09.38.39.jpeg


Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір жоғары лауазымға тағайындалуы мүмкін
Созақта 100 мың теңге пара алды деген күдікпен бөлім басшысы ұсталды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу