Қазақстанда «әуендететін» жол салынды
Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады.
Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған.
«Жобаны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесіескерілді«», - делінген хабарламада.
«Музыкалық жолдар» жүргізушілерге төтенше қауіпті участкелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді. Эксперименттің нәтижесі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ алдағы жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.