Kaspi.kz шоттағы «ақшаның жоғалуына» қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 28-10-2020 905

Kaspi.kz клиенттерінің ақшасы шоттарында сақталады. Бұл туралы банктегілер айтты, деп хабарлайды Oinet.kz   тілшісі.

image.png

Банк өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта техникалық ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- 28 қазанда Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болды. Қосымша істен шығу нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаражат дұрыс көрсетілмеді. Өкінішке қарай, карталармен төлеу, банкоматтардан ақша алу немесе картаға ақша жіберу, төлемдер мен аударымдар уақытша мүмкін болмай тұр. Компания ақауды жою үшін жұмыс істеп жатыр, - деді банктегілер.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екені туралы жалған хабарламалар тарап жатыр.

- Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталады, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетіледі, - деді Kaspi.kz өкілдері.

«Ақшам жоғалып кетті»: Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар орын алды
Алматы облысының тұрғыны кездейсоқ тоғыз жыл бұрын «өлген» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу