Каспий теңізі туралы қызықты деректер
02-01-2024
Kaspi банкте техникалық ақаулар орын алды. Қолданушылардың бірі қаражатымыз жоғалып кетті деп шошып жатса, енді бірі байлыққа кенелген, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Банктың ресми өкілі Ербол Азанбек ақшалар орнында екенін айтып, қатты уайымға салынбауға шақыруда. Банк проблемаларды шешуге уәде берді.
"Клиенттердің есепшотындағы ақшасы сейфте сақталған. 28 қазанда Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар орын алды. Апат салдарынан бағдарлама клиенттердің шоттарындағы қаражатты дұрыс көрсетпейді. Өкінішке орай, карточкалық төлемдер, банкоматтардағы ақшаны алу және толтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қол жетімсіз. Компания бәрін мүмкіндігінше тез түзетуге тырысып жатыр", - дейді Ербол Азанбек.
Банк уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Kaspi.kz қосымшасы Kaspi Gold-тағы теңгерімдегі ақпаратқа қатысы жоқ.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екені туралы жалған хабарламалар тарап жатыр. Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталады, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетіледі", - деп толықтырды банк.
Еске салсақ, осыған дейін желіде Нұр-Сұлтан қаласында таңғы 6: 53-те Kaspi.kz банкіне кибершабуыл жасалды деген ақпарат тараған. Нәтижесінде 78.937.374тг ұрланды делінген хабарламада. Алайда ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты.