Түркі топырағының киесі – жолсапар очеркі
23-04-2022
Қырғызстанда қылмыстық топ жетекшісі Камчыбек Көлбаев ұсталды. Вашингтон осыдан 9 жыл бұрын оны есірткі саудасымен айналысатын әлемдегі ең ірі "наркобарондар тізіміне" енгізген, деп хабарлайды Oinet.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті 22 қазанда 46 жастағы Көлбаевты "қылмыстық топ ұйымдастыру және қылмыстық топ ісіне араласу" бабы бойынша ұстағанын мәлімдеді. Осыған дейін әлеуметтік желілерде Көлбаевты Бішкектегі спорт клубтарының бірінде тұтқындағаны жайлы суреттер тараған. Ол комитеттің бас басқармасына жеткізілген. Азаттықтың жазуынша, 2012 жылдың соңында Көлбаев Бішкек өтініші бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен Қырғызстанға экстрадицияланған. Бұдан соң "бопсалау" бабымен 5,5 жылға сотталған, алайда түрме жазасы үш жылға дейін қысқарған. Қырғызстан билігі оның себебін түсіндірмеген. 2014 жылы маусым айында Көлбаев мерзімінен ерте түрмеден босап шыққан. Азаттық мәліметінше, Камчыбек Көлбаев ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі ретінде ішкі істер министрлігінің есебінде тұр. Ведомство ақпараты бойынша, 2018 жылы Көлбаев жетекшілік еткен қылмыстық топта 424 адам болған.
Сондай-ақ осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ мемлекеттік департаменті Көлбаевтың "қаржы механизмі" жайлы ақпарат берген адамға 1 миллион доллар көлемінде сыйақы беретінін хабарлаған.