3 қызды қорлаған өгей шешеге шектеу шаралары қолданылады

Oinet.kz 17-04-2019 1154

Screenshot_3.jpg

Oinet.kz хабарлайды - Кеше әлеуметтік желілерде кәмелет жасына толмаған қыздарды жәбірлеп келген өгей шеше туралы материал жарияланды. Ол қыздарға түрлі дене жарақаттарын салған деген ақпарат айтылды. Бүгін осы шулы мәліметке байланысты Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова аталған жайға байланысты мәлімет берді. 

Олардың айтуынша, биыл 11 сәуір күні орта мектеп директоры аудандық білім бөліміне аталған мектепте оқитын кәмелет жасқа толмаған апалы-сіңлі үш қызда дене жарақаты бар екенін хабарлаған. Ертеңіне, яғни 12 сәуір күні аудандық полиция бөлімінің тарапынан ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабы, 2 тармағы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Қазіргі таңда балалар Жетісай аудандық орталық ауруханасында дәрігерлер қарауында. Олардың денсаулығы мен өміріне еш қауіп жоқ. 

Аталған істі облыс прокуроры өз бақылауына алды. Бүгін күдікті азаматшаға қатысты шектеу шаралары қолданылады.

Ішінен қару мен доллар табылған Тойота экс-әкімнің ұлыныкі болып шықты
Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір жоғары лауазымға тағайындалуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу