Ішінен қару мен доллар табылған Тойота экс-әкімнің ұлыныкі болып шықты
Алматыда наурыздың соңында қару мен ақша табылған көлік Талдықорғанның бұрынғы әкімінің ұлына тиесілі болып шықты деп жазады Тengrinews.kz
Бұл ақпаратты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде растады.
Департаменттегілердің хабарлауынша, көлік Дастан Шалтабаевтың ұлы - Тұрлыхан Тұрарбекке тиесілі. Көлікті оның курстасы Арлан Шәріпов жүргізген.
Еске сала кетейік, Алматыда қымбат нөмірлі Camry көлігінен тапанша мен қыруар ақша табылған болатын.
Осы оқиғадан соң ізін суытпай 12 сәуірде Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке Тараз қаласының экс-әкімі Ғалымжан Әбдірайымовқа тапсырылды.