Кәсіподақ күні аталып өтті

Oinet.kz 13-10-2020 694

10 қазан – Кәсіподақ қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекені атап өту мақсатында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдары салтанатты шара ұйымдастырды. 

58f39aa3-2b83-4a43-8219-0865511d050f.jpg

Мерекелік шараға «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов және «Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі арнайы қатысты. Кәсіподақ мемлекетке, қоғамға қызмет етеді. Сондықтан өзара түсіністікпен жұмыс істеу арқылы әлеуметтік тұрақтылықтың сақталып, өңір экономикасының дамуына үлес қосады. «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов кәсіподақ өкілдерінің жетістіктеріне баға беріп, құттықтауын жеткізді. Жиын барысында мәдениет саласының үздік мамандары мен ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлері марапатталды. Сонымен қатар, кәсіподақ қозғалысына елейлі еңбегі сіңген, зейнет жасына келген 2 қызметкерге қаржылай сыйақы берілді.

Кәсіподақ күнімен құттықтады
Алматы облысында енесі келінін сабаған (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу