9 млрд доллар инвестиция тартылды
16-04-2025
Алматы облысында енесі келінін есінен танғанша ұрып-соққан, деп хабарлайды Oinet.kz AstanaTV арнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, енесі 24 жастағы келінін осыған дейін де ұрып-соғып келген. Соңғы рет алған соққылардан қыз бірнеше сағат есінен танып жатқан екен. Салдарынан келіншек қоғам белсенділерінен көмек сұрап отыр.
- "Біздің "Не молчи" қорына кезекті өтініш келіп түсті. Енесі келінін сабаған. Келіні жас, 1996 жылғы. Қатты ұрып-соққан болуы керек, өйткені қыз төрт сағат бойы ес-түссіз жатты", - деді "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Смаилова.