Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
21-06-2023
Павлодарда түнде сауда үйі өртенді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Өрт 12 қазанға қараған түні болды. Сағат 01.00-ге қарай "Арай" сауда үйінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келгенде кірпіштен салынған төрт қабатты ғимараттың өртеніп жатқанын анықтайды. Бөтелкелер, кеңселер, шатыр - жалпы 1500 шаршы метр жер өртенген.
Өрт сағат 04.15-те ауыздықталып, 40 минуттан кейін толық сөндірілді.
- "Өрт шығыны анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 77 адам мен 16 техника жұмылдырылды. Ешкім зардап шекпеді. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке жарық қалқанында токтың тұйықталуы себеп болуы мүмкін", - деп хабарлады облыстың ТЖД өкілдері.