«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Бұл есімді шалқарлықтар жақсы біледі.1970 жылдары халық емшісі,көріпкел Сұлу Сыздықова ерекше дарынымен ешқандай жарнамасыз елге танылды.Ауруы асқынып еңбектеп барғандар түрегеліп кетті.Талай баланы аянмен дүниеге әкелді.Ол кісінің алдына өтірікші,екі жүзді адам бара алмайды. Ондайларды Сұлу апа үйде отырып сезіп, қақпаның сыртынан қайтарып жібереді.Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған заманында емші халқына аянбай еңбек етті.Дертіне шипа іздеп келушілер барлық өңірден күндіз-түні толасыз келіп жатты.
1986 жылы әжеміз дүниеден озғанда шешем қатты ауырды. Жеті жасында жетім қалған ол енесін шешесіндей көрген еді.Әжем қамқоршы,әрі ақылшы,кейбір ауруларды өзі емдей береді.Көрпе тігеді,текемет басады. Әбден бауыр басып қалған анама қиын соқты.Екі ай көз ілмеді. Дәрігерлер ұйқы келтіретін демидрол, реленум дәрілерін ішуге нұсқау берді.Көмек болмады.Түсіне елестер кірді.Ауылдың үлкендері Сұлу Сыздықоваға қаралуға ақыл-кеңес айтты.Шешем таңертеңгі автобуспен Шалқар қаласына жетті.Үй сыртында кезек күткен адам көп.Сұлу апай үйде отырып:"Әй,маған ауылдан бір әйел келіп тұр,тез кіргізіңдер"-деп, айқайлапты.Өзі қорқып тұрған шешем одан сайын селк ете қалады.Аяғының ұшымен емшінің алдына әрең барады.Оның бетіне кез-келген адам тура қарай алмайды.
-Шырағым,сенің уайымың ішіңе түсіп кеткен.Бойыңда үрей бар.Жүр,мен сені алдымен ұшықтаймын-деп,аулаға шығып шырақ жағады. Ұшық береді.Шешемді бір күн үйіне қондырады.Сол күні анам дәрісіз терең тәтті ұйқыға кетеді.Түс ауа бір оянады.Ұйыдан тұрғасын шәй үстінде анама былай дейді.
-Ешқандай қорықпа бәрі жақсы болады.Келесі жылы қыз туасың деп,қолына қызыл көзі бар сақина береді.
Сізге өтірік маған шын 1987 жылы әжем қайтыс болған 9 наурыз күні дәл сол сағатта қарнындасым дүниеге келді.Біз өмірге әжеміз қайта келгендей қуандық.
1994 жылы Шымкент қаласында жоғарғы оқу орнында оқып жүргенде екі қолыма жара шықты.Бастапқыда "аллергиялық дерматит" деп,дәрігерлер диагноз қойды.Кейін асқынып экземаға айналды. Саусақтарып ісіп кетті.Бара-бара іріңдеп екі қолымды пайдалана алмай қалдым. Қасымдағы достарым киіндіреді,шомылдырады.Содан қысқы каникулда Шалқарға Сұлу апайға қаралуға келдім. Шыныменде көзқарасында ерекшелік бар.Қасиетті адам екені бірден сезілді. Тұла-бойым шымырлап кетті.Менің бетіме бір қарады да:
-Қолыңды жазамыз. Бірақ,бұл тегін қол емес.Сен болашақта жазғыш боласың.Театр ашасың,елге танымал азамат болайын деп тұрсың-деді.
Қарсы сұрақ қоя алмадым.Осы уақытқа дейін қаламсап ұстап көрмегінімді өзім іштей білемін ғой.Бір айда екі қолым жазылды.1995 жылы оқуды бітірдім.Сол жылы қағаз бетіне шимайлауды бастадым."Екі Езу" сатира театрын аштым.Үш кітабым жарық көрді.Әлі жазып келемін.Сұлу апай талай адамның жолын ашқан екен.Оны әр кім өздері біледі.
Ал,мен жариялауды жөн көрдім.Өйткені,"Аруақ ырза болмай,тірілер байымайды".Бұл кісі өмірден өтсе де,халық басына түнеп аруағына әлі құрмет көрсетеді.
Бүгінде Сұлу апайдың шаңырағында қызы Айқын Сыздықова емшінің отын өшірмей отыр.
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН