Сайлау тағы мерзімінен бұрын өтетін болды

Oinet.kz 09-04-2019 745


 0084f4c5a437b3f696e6025948cb994c.jpg

Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді. Президент Тоқаев бүгін Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде сайлаудың мерзімін 9 маусымға белгілегенін мәлім етті.

Президент өзінің үндеуінде мерзімінен бұрын сайлауды тағайындау үшін Елбасымен ақылдасқанын, Конституциялық кеңеске жүгінгенін, Парламент палаталары басшыларымен, саяси партия жетекшілерімен кездесіп, кеңескенін айтты.

-Мен сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне кепіл боламын,-деді Тоқаев.

Соңғы жылдары Қазақстанда президент сайлауы үнемі мерзімінен бұрын өтіп келеді. Соңғы жылдары ол 2005 жылы ғана өз мерзімінде өткен. Соңғы президент сайлауы 2015 жылдың сәуірінде өткен болатын. Онда Нұрсұлтан Назарбаев 97 пайыз дауыспен жеңіске жеткен.  

WhatsApp Image 2019-03-29 at 10.53.33.jpeg

Түркістаннан 400 отбасы солтүстікке көшеді
Шөкеев әкімдер арасындағы кадрлық тағайындауды Кентаудан бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу