Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Әркім өз заманына сай үн қосады, еңбегін арнайды. Тумысынан еңбек пен тәртіпті негізгі мақсат етіп, ауданның өсіп- өркендеуіне үлес қосып, ел құрметіне бөленіп жүрген азаматтың бірі Айтбек Нарынбайұлы Меңлібеков айсам жаңылмаймын. Айтбек Нарынбайұлы алдымен Алғабас колхозында, кейін құс фабрикасында, бүгінде «Ақсу Жабағылы» табиғи қорығында табысты еңбек етуде. Табиғат жаңашыры. Ауданның құрметті азаматы. Бірқатар жылдары аудандық мәслихаттың депутаты. «Nur Otan» партиясының бюро мүшесі. Партияның құрылғаннан кезден бастап беделді мүшесі. Партия ішіндегі бірқатар комиссиялардың төрағасы болды. Партияның саяси кеңестер мен конференцияларында өз ойын ашық білдіріп, партияның даму стратегияларына ұсыныстарын ұсынды.
Тау тұлғалы азамат партияның мүшесі ретінде 1 және 3 қазан күндері өткен праймеризге қатысып, партияның алға қойған мақсаттары аясында бағдарламасы елдің ойынан шығып, көп дауысқа ие болды. Бұл аудандағы партияның беделін жоғары екендігін және белсенді азаматтардан құралған партия мүшелері екендігін дәлеледей түсті. Әрбір өңірде, партияда осындай шыншыл, турашыл, жомарт жүректі азаматтар табылса, онда еліміздің асар асуы биік болары сөзсіз.