Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Oinet.kz 03-10-2020 608

Соңғы тәулікте тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония мен COVID-19 бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Вторая волна коронавируса в Казахстане уже началась – Минздрав

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 166 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 53 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: пневмониямен ауырғандар - 33 378, 358 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 390-ға жетті.

Ал коронавирус бойынша, үш адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта инфекциядан 3 256 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 793 науқас жатыр. 1 463 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланды. 21 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған леңгірліктерге жаңа үй салынды
Қазақстанда бір тәулікте 62 адам коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу