Қазақстанда 5 қазаннан бастап қандай шектеулер енгізіледі?

Oinet.kz 02-10-2020 898

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясына байланысты 5 қазаннан бастап енгізілетін жаңа шектеулер туралы айтты. 

Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

image.png

– Инфекцияның алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді қабылдады:

Басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтата тұру;

Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу;

Түркияға рейстер санын азайту.

Екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға мынадай талаптар қойылады:

термометрмен өлшеу;

анкета толтыру;

коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама (оның алынғанына үш күннен аспау керек).

Анықтама қағазы болмаған жағдайда азамат карантин стационарына екі күнге жатқызылады және COVID-19 анықтайтын лабораториялық талдау жасалады. Нәтижесі шыққан соң, жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға жатқызылады, – деді министр Цой.

Айта кетейік, ІІ санаттағы елдер қатарына: Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Мажарстан, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан елдері енгізілді.

дереккөз: qamshy.kz.

Шымкентте үш баланы өлтірген дезинсекторге сот үкімі шықты
Елбасы Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу