Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты деп хабарлайды Oinet.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемияның 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін екенін айтты.
- "Егер біз проблемаға әлемдік масштабта келетін болсақ, онда 2021 жылда вирус жұқтыруын көрсеткішін төмендете алуымыз керек", - деді ол.
Гейтстің айтуынша, АҚШ қалыпты өмірге келесі жазда оралуы мүмкін. Басқа мемлекеттер де қалыпты өмірге оралу үшін әлем болып коронавируспен күресті жалғастыру керек. Еске сала кетсек, Билл Гейтске коронавирус жасап шығарды деген айып тағылған болатын. Оқиға 2015 жылы Билл Гейтстің сөйлеген сөзінен басталды. Ол TED конференциясында сөз сөйлеп, адамзаттың болашағы туралы пікір білдірген.
Атап айтқанда, ол өз сөзінде барлық адамдардың басты жауы - ядролық соғыс емес, өлімге әкелетін белгісіз вирус деген еді.
Кейінірек, филантроп адамзатқа вакцина арқылы чип енгізуге қатысты айыптауларға жауап берді. Ол өзіне байланысты "негізсіз" сөз байласу теорияларын жоққа шығарды
- "Мен ешқашан микрочип сынды нәрселермен айналысқан емеспін. Мұны (айыптаулар- ред ) теріске шығарудың өзі де қиын, өйткені бұл ақымақтық", - дейді миллиардер.
Гейтс вакцина жасалған күннің өзінде антивакциналық көңіл-күйлер ұжымдық иммунитетті қалыптастыруды қиындатады деп есептейді.