Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
10 адамға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. 18 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихаты VI шақырылымының XVII сессиясы өтті.
Алматы күні қарсаңында келесі азаматтарға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді:
1. Каюпова Нина Амировна, 1936 жылы туған, дәрігер, профессор, акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері;
2. Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы - 1942 жылы туған, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының бұрынғы білім және ғылым министрі;
3. Рымбаева Роза Қуанышқызы –1957 жылы туған, эстрада әншісі, киноактриса, оқытушы-профессор;
4. Жолжақсынов Досхан Қалиұлы - 1951 жылы туған, театр және кино актері;
5. Өтемұратов Болат Жәмитұлы –1957 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері;
6. Қуандықов Тілеуберді Кеңесбайұлы - 1973 жылы туған. А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі;
7. Жұмаділ Қабдеш, 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы;
8. Алшанов Рахман Алшанұлы - 1947 жылы туған, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы;
9. Асанов Тұрарбек Мәжілұлы - 1951 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері;
10. Бижанов Ахан Хұсайынұлы - 1949 жылы туған, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.