Қазақстанда 2024 жылы ақылы болатын жолдардың тізімі жарияланды
2024 жылға қарай Қазақстан жолдарының барлығы дерлік ақылы болады. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы болатын бағыттардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұйымның хабарлауынша, төлемді 2024 жылға дейін енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асады. "ҚазАвтоЖол" басшысы Ұлан Әліпов айтқандай, осы уақытқа дейін ақылы автомобиль жолдарының ұзындығын 11 мың шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ол жалпы алғанда бұл елдегі барлық жолдардың 45 пайызын құрайтынын атап өтті. Бұл шараларға 25 миллиард теңге жұмсалмақ.
"Біздің жоспарларымыз бойынша, келесі жылдың мамыр айына дейін біз 5800 шақырым жолды пайдалануға беруіміз керек. Бұл бірінші кезең. Ал қайта жаңартылған жолдар бірінші кезеңнен кейін жөнделеді", - деді Ұлан Әліпов.
Сонымен, 2021 жылдан бастап автомобиль жолдарына ақы төлеуді енгізу жоспарланып отыр.