Қуатталып тұрған телефонның жанында жатқан жасөспірім өртеніп кетті

Oinet.kz 06-09-2020 978

Жасөспірім қуат алып тұрған телефонның жанына жатып, өртеніп кетті. Ол телефонын қуаттағышқа қойып, ұйықтап қалған.

Калифорниялық 15 жасар Колтон Пингри телефон қуаттағышының салдарынан өртке оранды.

Ол қуаттағышқа қосылған гаджетті жастыққа қойып, ұйықтап кеткен. Бірнеше сағаттан кейін Колтон өзінің күйіп жатқанын сезіп оянған. Күйіктен қатты ауырсынған ол иісті бірден аңғарыпты. 

"Айналама қарасам, екі көрпе мен жастық өртеніп жатыр, жарылыстың ауырлығы соншалық, мен төсектен еденге құлап түскем", - дейді ол. 

Жігіт жалынды жалаң қолмен сөндіруге тырысты, содан кейін бір бөтелке суды алып, пышақпен тесік жасап, төсектің үстіне су шаша бастады. Осыдан кейін Колтон жанып тұрған зарядтағышты алып, дәретханаға лақтырған. Артынша жасөспірім әкесін оятып, оқиға туралы айтып берді.

Колтонның қолы мен арқасы қатты күйіп қалған. Ол зарядтағыштың екінші қолданыстағы заттарды сататын интернет дүкеннен сатып алғанын айтты. 

Елдегі коронавирустың қазіргі жағдайы
Аймағамбетов: «Бала жастайынан өз ана тілінде тәрбие алуы керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу