Ордалы жылан кегі
15-06-2022
Сот Мәскеуде кішкентай кезінде зорланған тұрғынды қала орталығындағы қаңғыбасты өлтірді деген айыппен қамауға алды.
Белгілі болғандай, ер адам Трубная көшесіндегі тұрғын үйдің жанындағы орындықта отырған және ешкімге тиіспеген. Осы кезде оған 21 жастағы қыз және оның достары жақындап, қаңғыбасты өлімші етіп сабаған. Ол іштің ашық жарақатын алып, қабырғасы сынған.
21 жастағы мәскеулік азаматшаның сөзінше, бұлай жасауға бала күнінде өзін әлдекімнің зорлап кеткені себеп болған. Ол осылайша кек алуға тырысқан.
Айыпталушы өзінің кінәсін толығымен мойындады. Сот қызды қамауға алды. "Абайсызда өлімге әкеп соқтыратын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз: Stan.kz