Оралда жоғалып кеткен баланың өлі денесі табылды

Oinet.kz 06-09-2020 5250

Оралда жоғалып кеткен 9 жасар баланың мәйіті бүгін, 6 қыркүйекте табылды, деп хабарлайды Oinet.kz  тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

Ескі әуежай маңында салынып жатқан үйлердің жанынан 9 жасар Нұрасылдың мәйіті табылды.

"Бала құрылыс алаңына барып, биіктіктен құлап кетуі мүмкін", - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Оралда 9 жасар баланың жоғалғаны туралы ажазған болатынбыз. 

Screenshot_4.jpg

Тұрғындардың айтуынша, 5 қыркүйекте сағат 17:40 шамасында бала "Ескі әуежай" ықшамауданындағы Самал көшесі, 94-үйден шығып кеткен, содан бері қайтып келмеген. Баланың ерекше Даун синдромымен ауыратыны белгілі болған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың әлі табылмағанын, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. 

Арыстың есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің бастығына қатысты тергеу басталды
Ресей Назарбаевтың идеясына баға берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу