Білім басқармасындағылар онлайн-сабақтағы порноға қатысты түсінік берді

Oinet.kz 04-09-2020 1797

Бесінші сынып оқушылары Zoom арқылы математика сабағын оқып жатқанда порноның қосылып кетуіне байланысты Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасындағылар түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.

image.png

2020 жылдың 3 қыркүйегінде ZOOM платформасында 5-сынып оқушыларының оқу процесіне бөтен адамдар кіріп, балалардың компьютер экранында ұятсыз слайдтар шығарып, балағат сөздер айтып, математика сабағын бұзды. Ата-аналар мен мұғалімдерден осы негізде хабар келіп түскеннен кейін мектеп әкімшілігі балалармен және ата-аналармен онлайн-кездесу өткізді, деп атап өтті білім басқармасындағылар.

Сонымен қатар, оқушылармен чат пен платформаларда жұмыс істеу кезінде әдеп нормаларын сақтау бойынша тәрбие жұмыстары жүргізілді.

- Сондай-ақ, ата-аналар кешке бейтаныс адамдармен сөйлесіп жүрген-жүрмегенін білу үшін балалардың ұялы телефондарын тексерді, бірақ ештеңе таппады. Енді сабақтар Microsoft Teams платформасында өтетін болды, - дейді шенділер.

Білім басқармасындағылар бұл келеңсіз жайтқан байланысты полицияға хат жолдағанын атап өтті.

Ғалымжан Елшібай - Құрметті азамат!
«Nur Otan» Үкіметке талап қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу