Ғалымжан Елшібай - Құрметті азамат!

Oinet.kz 04-09-2020 1658

Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, қарымды қаламгер Ғалымжан Елшібай Төлеби ауданының Құрметті азаматы атанды. Мұндай шешімді бүгін Төлеби ауданының депутаттары мәслихат сессиясында қабылдады. 

image.png

Төлеби ауданы Ғалымжан Елшібайдың туған жері. Еңбек жолын аудандық «Төлеби туы» газетінде бастаған оның журналистикадағы жолы «Шымкент келбетінде», «Жас алашта» жалғасты. Шығармашылық қызметінің жиырма жылғы жуық мерзімі меншікті тілшілікте өріліп келе жатқан  оның есімін оқырманға таныстырып жату артық.   Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалы төрағасының тізгінін қолына алған тілші өңірдің шығармашылық саласының дамуына өзіндік үлесін қосуда. Өңір журналистерінің көшбасшысы атанған ол қолына қалам ұстаған қауым арасында түрлі іс-шаралардың өтуіне мұрындық болып келеді. Ғалымжан Елшібай «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің, көптеген басқа да марапаттардың иегері, 

Әріптесімізге марапат құтты болсын дей отырып, қызметіне табыс, елге еткен еңбегіне жеміс тілейміз!

Мұрат Қадырбек мәжілісмен бола ма, әлде мәсхатшы бола ма?
Білім басқармасындағылар онлайн-сабақтағы порноға қатысты түсінік берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу