Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны белгілі болды
Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда 2020 жылдың 2 қыркүйегінде 571 жаңа "ковидті пневмония" ауруы және сол кеселден қайтыс болған 6 адам тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
2020 жылғы 3 қыркүйекте тіркелген коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония бойынша ақпарат Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 571 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 79 адам емделіп шықты. Пневмонияға қатысты статистика жүргізу барысында 2020 жылдың 1 тамызынан 3 қыркүйегіне дейін Қазақстанда тіркелгендер:
Науқастар саны: 26 322 жағдай;
Емделіп шыққандар: 5 773 адам.
Үстіміздегі жылдың 3 қыркүйектегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 459 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 196 науқас жатыр. 3 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.