Назарбаевтың 25 жыл бұрынғы видеосы жарияланды (видео)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі Конституция күніне орай 25 жыл бұрынғы видеоны жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Арнайы бейнежазба Instagram-дағы парақшада пайда болды.
- "Осыдан 25 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау туралы республикалық референдум өтті. Дауыс беруден кейін Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, отандық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ал бір аптадан соң, 1995 жылы 6 қыркүйекте Н.Назарбаев жаңа Конституцияның ресми таныстырылым рәсіміне қатысты. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ю.А.Ким "1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға дауыс беру нәтижелері туралы" қаулыны оқып, Н.Ә.Назарбаевқа еліміздің жаңа Ата Заңының мәтінінің түпнұсқасын тапсырды ", - делінген жазбада.
Айта кетейік, 30 тамыз Қазақстан халқы Конституциясы күнін атап өтіп жатыр. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Конституциясы күнімен құттықтады.
Сонымен қатар бұған дейін президенттің Конституциямыздың 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысқанын да хабарлаған едік. Мемлекет басшысының сөзінше, Ата заңымыз қабылданған ширек ғасыр ішінде үш конституциялық реформа жасалған. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам кең көлемде атсалысқан. Сонымен қатар президент Конституцияның жасампаздық әлеуеті әлі де зор екенін, әсіресе, қоғам тарапынан туындаған әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы талап-тілектерге толыққанды жауап беретіндей мүмкіндіктері мол екенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram