Лукашенко Минскідегі резиденциясына автомат асынып келді

Oinet.kz 24-08-2020 1256

23 тамызда, жексенбіде Беларусь президенді Александр Лукашенко елдегі жаппай наразылық фонында Минскідегі Тәуелсіздік Сарайындағы резиденциясына тікұшақпен келді. Видеоны Пул Первого Telegram-каналы жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_71078.jpeg

"Лукашенко бір сағат бұрын оқиға орнына келді. Тәуелсіздік Сарайына! Президент брондалған жилет киген. Қолында - автомат",  делінген видео сипаттамасында.

Хартыя’97 басылымының мәліметінше, резиденцияға президентпенпен бірге кенже ұлы Николай да келген, ол да қаруланған.

Сондай-ақ, желіде елорданы айналып шыққан белорус лидерінің тікұшағы көрсетілген видео тарады. "Жақында, даңғылға жақында! Солға, солға!", - деп бұйрық береді Лукашенко.

"Жеңімпаздар даңғылына биіктен қарап, онда наразылық акциясы болған жер туралы Лукашенко былай дейді: "как крысы разбежались".

23 тамызда Минскіде және басқа да қалаларда жалпыұлтық наразылық акциялары жалғасты. Көшелерге жүздеген мың адам шығып, Александр Лукашенконың кетуін талап етті. 

Әскерилер Тәуелсіздік Сарайына кірер жолды қоршады. 

Ресейлік вакцинадан Covid-19 мутацияға ұшырауы мүмкін
Үш жасар бала ерлігімен елді тәнті етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу