Қазақстандық студенттер Ресей үкіметінен көмек сұрады

Oinet.kz 22-08-2020 908

Ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер көмек сұрап тиісті орындарға хат жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz ұлттық порталы "Коммерсант" газетіне сілтеме жасап.

image.png

Ресей үкіметі студенттердің штатты режимде оқуын жалғастыратынын мәлімдеген болатын. Осыған орай шетелдік студенттер, олардың қатарында қазақстандық студенттер шекараның ашылмауына байланысты қашықтан білім алуға мәжбүр болмақ. Қашықтан білім алуды қаламаған студенттер мәселені шешіп беруді сұрап Ресей үкіметінен, ФСБдан, Ресей Сыртқы істер министрлігінен, Ресей Білім және ғылым министрлігінен көмек сұрап арнайы хат жолдаған.

Мыңдаған қазақстандық студенттің қолы қойылған бұл хатта: «РФ Білім министрлігі студенттерге штатты жағда білім алуға рұқсат берді. Ал біз, басқа елдің Ресейде оқитын студенттері шекараның ашылмауына байланысты мұндай мүмкіндіктен шет қалып отырмыз. Сол себепті, бізге де өз оқу орындарымызға оралуға жағдай жасалса деп сұраймыз. Біріміздің жатақханада жеке заттарымыз қалса, енді біріміз жалдамалы пәтерімізден айырылғалы тұрмыз.

Ал бәрінен бұрын, шығармашылық мамандық пен медицина саласы бойынша білім алып жатқан студенттерге қашықтан білім алу мүмкін емес. Біз білім деңгейіміздің бәсекелестерімізден төмен болуын қаламаймыз» деп жазылған. Бұл проблема тек қазақстандық қана емес, түркіменстандық студенттерге де ортақ. Өйткені Ресей жоғары оқу орындарында шамамен 44 мың қазақстандық студент бар болса, түркіменстандық студенттер саны 30 мыңның айналасы екен.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2019-2020 оқу жылында Ресейде 297 993 шетелдік студент оқыған. Олардың көпшілігі  Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Украина, Үндістан, Беларусь, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінің студенттері.

Өткен аптаның өзекті жаңалықтары (фото)
Бекболат Тілеухан жаңылысқан інісін кешіріп, қарғысын қайтып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу