Бекболат Тілеухан жаңылысқан інісін кешіріп, қарғысын қайтып алды

Oinet.kz 23-08-2020 5197

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның шамына тиген журналист Серік Боқан одан кешірім сұрады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

«Аса қадірлі Бекболат-аға! Жаздым, жаңылдым! Мен байғұсты құдай ұрып қалды. Кешіре көрші, Бек-аға! Қиналған кезде бәріміз өзіңді пана тұтып, алдыңа баратын ек. Бетімізді қайтарған кезің аз. Сіздің арқаңызда қажыға бардым. Қаржылай көмек беріп бақтыңыздар. Мен білмеппін, Қытай мен Өзбекстаннан, Мұңғұлиядан бас-аяғы 185 отбасын әкелгеніңізді. Осы коронавирустың кезінде 23 миллион теңгеге халыққа жәрдем етіпсіздер. Мұсылман болған соң рия қылып, жария етпепсіздер. Кейін білдім.

Мені шайтан түртті. Күйсеңіз күйгендей-ақ екен. Теріс батаңызды қайтып алыңыз, Аға!!! Ұйқым бұзылып, жаным қинала бастады. Қиянатымды кешіріп, іні қалпымда жаныңыздан аластамаңызшы! Алдына келсе, атасының құнын кешетін тектінің тұяғы едіңіз ғой! Мен жаңылдым. Сіз кешіре көріңіз! Сәлеммен Серік Боқан бауырыңыз» деп жазды ол Facebook-тегі парақшасына.

Бұл постқа Бекболат Тілеухан өз жауабын беріп, жаңылысқан інісіне кешірім берді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ. Ініде ізет, ағада айбын болмаса, елден берекет қашпай ма? Серік бауырым кешірім сұрады. Мен наламды қайтарып алдым. Алла Алашты алауыздықтан, ағайынды араздықтан сақтасын! Әңгіменің нүктесі – осы!» - деді Бекболат Тілеухан.

Қазақстандық студенттер Ресей үкіметінен көмек сұрады
Аймағамбетов: «Мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол берілмейді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу