Қазақстанда коронавирустан 146 адам көз жұмған
Тамыздың 10-16 аралығында Қазақстанда коронавирустан өлімнің 146 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Министрлік бір апта уақыт ішіндегі коронавирустан өлім жағдайының өңірлерде тіркелуі бойынша нақты сандарды ұсынды.
Нұр-Сұлтан қаласы - 20
Алматы қаласы - 25
Шымкент қаласы - 6
Ақмола облысы - 6
Алматы облысы - 7
Атырау облысы - 10
Батыс Қазақстан облысы - 1
Шығыс Қазақстан облысы - 27
Ақтөбе облысы - 4
Жамбыл облысы - 2
Қарағанды облысы - 13
Қызылорда облысы - 1
Павлодар облысы - 6
Солтүстік Қазақстан облысы - 2
Түркістан облысы - 2
Қазақстан Республикасында барлығы 1415 өлім жағдайы тіркелді.