Министр өртенген «Қазақфильмді» аралап көрді

Oinet.kz 16-08-2020 708

"Қазақфильм" киностудиясында орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР мәдениет және спорт министрінің қатысуымен кездесу өтті.

550571d5ca0053b600c84d8807f70081.jpeg

"Министрлік өкілдерімен кездесуге Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының ІІД және ТЖД өкілдері қатысты.Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндама жасады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді",- делінген киностудияның instagram парақшасында.

Еске салайық, 14 тамыз, жұма күні Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды.

Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу шараларын ұзарту туралы
Президенттің інісі қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу