Парламент Сенаты сайлауының қорытындысы жарияланды

Oinet.kz 13-08-2020 749

2020 жылғы 12 тамызда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы баяндама жасады.

- "3069 таңдаушының 2889-ы немесе таңдаушылардың жалпы санының 94,1 пайызы дауыс беруге қатысты. Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 15 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды", - деді ол.

Дауыс беру күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланды:

Ақмола облысынан – Бекенов Нұрлан Жексембайұлы, 1961 жылы туған, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы;

Ақтөбе облысынан – Қаниев Бауыржан Нұралыұлы, 1958 жылы туған, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі;

Алматы облысынан – Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы, 1959 жылы туған, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы;

Атырау облысынан – Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы, 1960 жылы туған, "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС басқарушы директоры-басқарма мүшесі;

Шығыс Қазақстан облысынан – Булавкина Ольга Александровна, 1972 жылы туған, Бородулиха ауданының әкімі;

Жамбыл облысынан – Орынбеков Бекболат Серікбекұлы, 1957 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары;

Батыс Қазақстан облысынан – Рысбекова Ләззәт Тұяқбайқызы, 1976 жылы туған, "Орал  гуманитарлық колледжі" ЖМ қаржы директоры;

Қарағанды облысынан – Ершов Сергей Михайлович, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты;

Қостанай облысынан – Карплюк Сергей Алексеевич, 1968 жылы туған, Қостанай облысы әкімінің орынбасары;

Қызылорда облысынан – Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, 1971 жылы туған, Nur Otan партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Маңғыстау облысынан – Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы, 1963 жылы туған, "Қаражанбасмұнай" АҚ бірінші вице-президенті;

Павлодар облысынан – Нұхұлы Алтынбек, 1962 жылы туған, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры;

Солтүстік Қазақстан облысынан – Перепечина Ольга Валентиновна, 1967 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты;

Түркістан облысынан – Бектаев Әли Әбдікәрімұлы, 1962 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты;

Нұр-Сұлтан қаласынан – Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, 1961 жылы туған, "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" АҚ басқарма төрағасы;

Алматы қаласынан – Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы, 1961 жылы туған, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі;

Шымкент қаласынан – Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы, 1975 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Сондай-ақ, Ортсайлауком хатшысы Сәбила Мұстафина сөз сөйледі.

Ол бұның алдында Парламент Сенатының депутаттығына әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін қаржы қаражаты көзделгенін хабарлады. Алайда, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл қаражат толық пайдаланылмады. Осыған байланысты игерілмеген қаражат бюджетке қайтарылады.

Отырысты қорытындылай келе, ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев бұл сайлау науқанының ерекшелігі әйелдердің саяси белсенділігінің артуы болып табылатынын атап өтті. Яғни, сайланған 17 депутаттың 5-і әйелдер, бұл - 29,4 пайыз.

Алматы облысының бас санитар дәрігері тұрғындарға дөрекі сөйлеу себебін түсіндірді
Алматы облысының дауға қалған санитарлық дәрігері видеодағы іс әрекетін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу