Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 29, пневмониядан 17 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 46 адам көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 25 002 адам коронавирус инфекциясынан ем алуын жалғастыруда, олардың 114-і балалар. Ауруханаларда 5 039 пациент, амбулаториялық деңгейде 19 963 пациент бар. 130 адамның жағдайы ауыр, 27-нің жағдайы нашар, 33-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бір тәулікте КВИ жұқтырған 907 адам анықталды. Республика бойынша барлығы 97 829 жағдай анықталды.