Тоқаев Ливан президентіне көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президентіне Бейрутте болған жарылысқа байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
- "Бүгін Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - дейді Президент Twitter желісіндегі парақшасында.
Тоқаев Ливан Президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде бергенін айтты.