Тоқаев Үкіметке маңызды тапсырма берді

Oinet.kz 03-08-2020 1987

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке азаматтардың карантинді сақтау шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

- Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес, - деп жазды президент Twitter-де.

Сонымен қатар, ол коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары екенін атап өтті.

- Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр, - деді мемлекет басшысы.

Жақсылық Үшкемпіровтің отбасы Қазақстандықтарға маңызды үндеу жолдады
«Қабырғама батты» - Президент жанына батқан жағдай туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу