Жақсылық Үшкемпіровтің отбасы Қазақстандықтарға маңызды үндеу жолдады

Oinet.kz 03-08-2020 5758

2 тамызда қайтыс болған Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің отбасы қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Спортшының туыстары оның жерлеу рәсіміне тек ең жақын адамдар қатысатынын мәлімдеді. Басқа адамдардан жерлеу рәсіміне қатысудан бас тартуды сұрады. Бұл коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған шешім.

- Қоштасу рәсіміне қатысты барлық іс-шаралар бір жылдан кейін өтеді, - деп хабарлады Үшкемпіровтің отбасы мүшелері.

Естеріңізге сала кетейік, классикалық күрестен кеңес спортшысы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, классикалық күрестен Олимпиада чемпионы, еркін күрестен Қазақ КСР чемпионы, Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында қайтыс болды.

С.Қалқаманов: Тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою - басты мақсат
Тоқаев Үкіметке маңызды тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу