«Қабырғама батты» - Президент жанына батқан жағдай туралы айтты

Oinet.kz 03-08-2020 4348

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты палуан Жақсылық Үкемпіровтің қазасын зор күйзіліспен қабылдағанын айтты. Сонымен бірге, елімізде коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары екенін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Бұл туралы президент Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

- Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр. Даңқты палуан, қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары. Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес, - дейді мемлекет басшысы. 

Тоқаев Үкіметке маңызды тапсырма берді
Қазақстанда алкоголь мен темекіні сату ережелесіне өзгеріс енгізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу