Баян Мақсатқызы өзі туып-өскен Оралдағы бассыздықты қатаң сынға алды

Oinet.kz 25-07-2020 1046

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Орал қаласындағы қарттар үйіндегі басссыздықты қатаң сынға алды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_9.jpg

"...Екі аптаның ішінде Оралда қарттар үйінде 18 адамның қайтыс болғаны туралы жергілікті билік пен қала жұртшылығының назарын аударғым келеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мекеме басшылығы бар кінәні ыстықтан дейді. Егер расында осылай болса, онда бұл мекемеде кондиционер жоқ па? XXI ғасырда!

Негізінде, бізде барлық жерде ұрлық жасау деген мені таңғалдырмайды, тіпті қарттар да бұған кедергі емес.  

Меніңше, бұл қылмыс! Қорғансыз қарттарға қарсы жасалған қылмысты Орал қаласының прокуратурасы дереу қарауы керек, кінәлілер жазалануы керек. Бұл хаос облыс орталығында болып жатыр. Ал, аудандар мен шағын ауылдарда не болып жатқанын елестетуден қорқамын, - деп сөзін аяқтады танымал продюсер.  

Әйелі мен екі қызын өртеп жіберген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты
Қызы бронхитпен ауырған Баян Мақсатқызы Денсаулық сақтау министрлігіне шүйлікті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу