Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Батыс Қазақстан облыстық соты әйелі мен екі қызын өлтірді деп айыпталған Серік Қапизовке үкім шығарды. Ол әйелі Жадыра мен қыздары Инабат және Айшаны өртеп жіберген деп жазады «Уральская неделя».
Үкімді судья Бақыт Ермаханов оқыды. Сот онлайн-режимде өтті. Қапизов екі және одан да көп адамды өлтірді, біреудің мүлкіне өртеу арқылы қасақана залал келтіргені үшін айыпты деп танылып, қылмысы дәлелденді. Судья оны өмір бойына бас бостандығынан айырып, жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде – 45 миллион теңге, материалдың шығын ретінде – 3 миллион теңге төлеуді міндеттеді.
«Үкім қылмыстың аса айуандықпен жасалғанына байланысты тағайындалды. Қылмыс қарсылық көрсете алмайтын кішкентай балаларға қарсы жасалған. Ол жазаның алғашқы бес жылын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді», – деді судья.
Еске салайық, қанды қылмыс Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы Ақтау ауылында 2020 жылдың сәуірінде болған еді. Өртенген жер үйлердің бірін сөндіргеннен кейін үйінділер астынан әйел мен екі қызының мәйіті табылған. Артынша белгілі болғаны, марқұмды бұрынғы күйеуі жиі соққыға жығып, қорлық көрсетіп келген екен. Ақпан айында әйел ажырасуға арыз берген. Арада бірер ай өткенде күйеуі оны кішкентай екі қызымен бірге өлтірді.