Қала әкімі екі орынбасарын қызметінен босатты
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ербол Садыр осыдан бір жыл бұрын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал Алмасбек Мамытбеков әкім орынбасары қызметіне биыл ақпанда тағайындалған.