Жерде жатқан өлі қарғалар Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарын шошытты (видео)

Oinet.kz 28-07-2020 1335

Қазақстандықтар ғаламтор желісінде жерде жатқан өлі құстардың фотосы мен видеосын қызу талқылап жатыр. Қарғаларды бірден Алматы мен Нұр-Сұлтан секілді екі ірі қалаларда ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Қос мегаполис тұрғындары олар улау салдарынан қырылып қалған болуы мүмкін деп болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.

image.png

Елордада өлі қарғаларға қатысты видеожазба желіде екі күн бұрын пайда болды. Құстар Нұр-Сұлтандағы оң жақ жағалау ауданында "Оңтүстік-Шығыс" аялдамасынан табылған. 

"Қараңыздаршы, қарғалар қырылып жатыр. Қандай қорқынышты, масқара. Олардың біреу өлтіріп жатыр емес пе" , - деді ролик авторы. 

Қазнет қолданушылары видеоны тұсірген тұрғынның пікірімен толықтай келісті. Кейбірі қарғалар 5G толқыны әсері салдарынан өліп жатыр деп ойласа, тағы біреулер бұл жағдайды көшелерге жасалатын коронавирусқа қарсы дезинфекциямен байланыстырып жатыр. 

"Бізді улап жатыр, бірақ бірінші болып құстар өліп жатыр" , "Масқара, айтарға сөзім жоқ" , "Олар аштықтан өлді" , - деп жазуда пікір білдірушілер. 

Алматы тұрғындары да осыған ұқсас фото жариялап, өзара қызу бөлісуде. Суреттен тас жолда жатқан өлі қарғаны көруге болады. 

Редакция бұл оқиғаларға қатысты пікір алу үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне жүгінді. Орман мен жануарлар дүниесі шаруашылығы комитеті бұл құбылысты табиғи сұрыпталу деп айтып, құстар электр сымдардан тоқ ұрып өліп қалған болуы мүмкін екенін жеткізді. 

Видеоға сілтеме.

​БҚО-да әйелі мен екі қызын өлтірген азамат сотта ешкім күтпеген жазаны сұрады
Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарының басшыларына өтінішін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу