Мониторинг жұмыстары қатаң бақылануда

Oinet.kz 24-07-2020 1021

image.png

Түлкібас аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы №28 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі жанынан құрылған 2 мобильдік топ мүшелері, сонымен қатар аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығына (11.07.2020 ж. берілген өзгерістермен) сәйкес, Түлкібас ауданы Майлыкент және Мичурин ауылдық округтері аумағында орналасқан дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандырумен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша да мониторинг және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг барысында, Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №257 орналасқан «Нұркелді» және Мичурин ауылдық округі, Майтөбе ауылы, Бейбітшілік көшесі №11в орналасқан «Исмайл» ЖШС-і дәріханаларында дәрінің қымбат сатылғаны анықталды. Түлкібас АПБ-да АЕК-не №205160030001207 және АЕК-не №205160030001208 тіркелді.

Тоқаев Үкімет басшысына өңірлерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырды
Нағыз дәрігер. Алдыңғы шепте болған абзал азамат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу