«Алакөлдегі анаконда» қазақстандықтардың есін шығарды (видео)
Желіде "Алакөлдің жанында алып жылан жатыр" деген видео тарады. Бейне авторы оқиға Қазақстанда болғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews..kz сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.
Видео WhatsАpp-мессенджерінде тараған. Қолданушылар бұл анаконда екенін, ал видеео Алакөлге жақын жерде түсірілгенін айтқан. Оны біреу лақтырып жіберген болуы мүмкін. Видеоны ер адам көлігінде отырып түсірген.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті видеоға түсініктеме берді. Видео басқа елде түсірілген болып шықты. Бейнеге монтаж арқылы қазақша дауыс қойылған.
"Видеоға дауыс қойып, монтаж жасаған. Қазақстанда анаконда жоқ. Бұл кезекті қалжың болуы керек", - дейді комитет өкілдері.
Комитет өкілдері түпнұсқа видеоны ұсынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram