«Коронавирусты емдейді»: Қазақстандықтар ерекше Көбейтұз көлінің тұзын сатып жатыр

Oinet.kz 20-07-2020 1654

Әлеуметтік желіде коронавирусты емдейді деген себеппен елорда маңындағы қызғылт Көбейтұз көлінің тұзын сатып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full159524517118cba773c040c345bb9546c998d61fe7.jpg

Тұздың бір келісі 5000 мың теңге тұрады. 

"Көбейтұздың тұзын сатамын. Келісі – бес мың теңге. Көптеген ауруға ем. Коронавирус пен іш өту жағдайында көмектеседі. Тамақты шайып, асқа қосуға болады. Тұзды ваннаға да жақсы. Пікірге қалдырыңыз. Өзіміз сізге жазамыз. Он шелек қана қалды", - делінген желідегі парақшалардың біріндегі хабарламада.

Көлдің тұзы шынымен коронавирусті өлтіре ме деген сұраққа инфекционист жауап берді.

"Коронавирус тұзды суда өледі деген көп айтылып жүр. Ол жалған ақпарат. Бұл вирус тек антисептик пен дезинфекциялық құралдардың барлығынан өледі. Қазір Қазақстанның өзінде емдеу хаттамасының 11 редакциясымен емдеп жатырмыз. Емдеу хаттамасы бүкіл әлем бойынша жиналған тәжірибе, үйренген машықтар, дәрілердің қолдану тәжірибесі, диагностикалық құралдарды қолдану тәжірибесі жинақталғанда өзгеріп отырады", - деді инфекционист-дәрігер Тамара Утағанова.

Асқар Жұмағалиев министр қызметінен босатылды
Ер адам жерлегеннен кейін 4 айдан соң зиратта тірі күйінде табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу