Тоқаев коронавирус бойынша статистиканы жасырмауды тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты
"Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр", - деп жазды Twitter-де Тоқаев.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы халықтың шындықты білуі керек екенін атап өтті.
"Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз", - деді президант.