Аймағамбетов оқушылардың мектепке қай кезде баратынын айтты

Oinet.kz 14-07-2020 20089

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердің жұмысын қалпына келтіру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына Oinet.kz сайты  

11405408.jpg

"Бірінші тоқсан аяқталғанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарады деп сенеміз. Соған қарай біз білім беру мекемелерінің жұмысын қалпына келтіру стратегиясын әзірлеп қойдық. Мектептер қалай ашылады? Ең бірінші кімдер сабаққа барады? Қандай талаптар болады? Міне, осының бәрі бекітілді", - деді Аймағамбетов онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, республика бойынша науқастардың саны азайғанда денсаулық сақтау министрлігі тиісті нұсқау береді. Сол кезде 1-5 сыныптар штаттық режимге көшіп, мектепке барады.

"Одан кейін науқастардың саны тағы азайса, 6-11 сыныптар сабаққа барады. Бірақ қатаң санитарлық талаптар болады. Ал "жасыл деңгей", яғни елімізде науқастар мүлдем тіркелмегенде мектептегі шектеудің бәрі алынады. Барлық пән дәстүрлі форматта өтеді", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Осы орайда министр санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне қатысты пікір білдірді. Оның сөзіне қарағанда, мектептер ашылғаннан кейін індет тағы өршіп кетсе, қайтадан қашықтан оқыту форматына көшуге тура келеді.


​Мұсылман әйел тегін берілетін тамақ халал емес деп наразы
42500 теңге алу үшін қай күні өтініш беруге болатыны айтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу