Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Аустралияның Мельбурн қаласында енгізілген карантинге байлынысты үйінде отырған мұсылман әйел оған жеткізілген тамақты жей алмағанын айтады. Оның айтуынша, ол тамақтың халал, халал еместігін білмегендіктен нәр тартпауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
"Ең бірінші күні бізге нан берілді. Мен мұсылман болғандықтан кез келген тамақты жей алмаймын. Мен оның халал екенін білмеймін ғой", - дейді ол.
Осы секілді тағы да шағымдар әлеуметтік желіде тарап жатыр.
"Менің ақшам бар. Бірақ бізге дүкенге барып, өзіміздің не жейтінімізді ала алмаймыз. Аустралияның мұсылмандарды қорғау орталығына қажетті азық-түлік келуде, алайда халал өнімдер бізге жетпей жатыр. Мен сіздерге жағдайдың қиын екенін осылай жеткізгім келді", - дейді TikTok қолданушысы.